БАСПА СӨЗДЕ ЗАРЗАМАН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Main Article Content
Abstract
Бұл мақалада XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде маңызды орын алған зарзаман поэзиясының өкілдері — Шортанбай Қанайұлы, Мурат Мөңкеұлы және Дулат Бабатайұлы шығармашылығының әлеуметтік мәні қарастырылады. Авторлар өз шығармаларында қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктерді, халықтың тұрмысындағы ауыртпалықтарды және патша үкіметінің қысымын ашық сынға алған. Шортанбайдың, Мураттың және Дулаттың өлеңдері қазақ қоғамының рухани дағдарысы мен әлеуметтік теңсіздігіне назар аударып, халықтың бірлігі мен ұлттық санасының қалыптасуына шақырады. Мақалада әрбір ақынның шығармашылығының әлеуметтік мазмұны мен оның қоғамдағы өзектілігі талданады, сондай-ақ бұл шығармалардың бүгінгі қазақ қоғамы үшін де маңыздылығы көрсетіледі.
Article Details
This work is licensed under a Creative Commons Attribution 4.0 International License.
How to Cite
References
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қирабаев, С. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
Мұханов, М. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
Тәжібаев, Т. Шортанбай Қанайұлы және қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Жалын, 1980.